13 Ақпан, 2017

Депутаттар назарына алынатын болды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский, Петр Шарапаев, Ирина Аронова және Ирина Унжакова Көкшетау қаласының іргесін­де орналасқан Красный яр ауылының тұрғын­дарымен, «Тыныс» АҚ және «Новопэк» ЖШС тоқыма фабрикасының еңбек ұжымдарымен кездесті. Халық қалаулылары Мемлекет басшысының Жол­дауындағы мақсат-міндеттердің орындалуы мен оған баршаның бірлесе кірісуі, еліміздің үшінші жаң­ғыруы жолында алға қойылған тапсырмаларды орындаудың тиімділігі мен пайдасы жөнінде әңгіме өрбітті. Депутаттар Мұрат Теміржанов, Сергей Зволь­ский және Петр Шарапаев «Тыныс» кәсіпорны ұжы­мы­мен кездескеннен кейін кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тірші­лігімен танысты. «Тыныс» АҚ – авиа­циялық құрал-жабдықтардың 45 түрін шығара­тын еліміздегі жалғыз зауыт. 1959 жылдан бері жұмыс істеп тұрған мекеме 70-тен астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ақмолалықтармен кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен тілектер депутаттар назарына алынды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы