Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігі – еліміздің Австриядағы елшілігінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Амано мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербоны Қазақстанның аталған ұйымдармен қарым-қатынасын дамытудағы қосқан үлесі үшін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, сондай-ақ, еліміздің Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай шара барысында Қазақстанның ЯСЖТШҰ және МАГАТЭ-мен тығыз байланыс орнатып отырғанын, әсіресе, ядролық қаруды таратпау мәселесінде тараптардың үлкен жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің маңыздылығына қатысушылар назарын аудара келіп, оның БҰҰ деңгейіндегі құжат ретінде танылғанына екпін берді.
Өз кезектерінде марапат иелері Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай келіп, Президент Н.Назарбаевқа өз қызметтерін оң бағалағаны үшін алғыстарын жолдады. Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды рөлі мен ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі белсенді іс-әрекетін атап көрсетті.
Мәселен, Юкия Амано Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне зор үлес қосқанын жеткізді. Осы орайда, Агенттіктің бас директоры елімізде Төмен байытылған уран банкін құрудағы және Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі бірлескен іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асырудағы зор үлесі үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.
Лассина Зербо өз кезегінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қарусыздану үдерісі шеңберіндегі Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешімінің маңыздылығын айта келіп, осы қадамның Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты қабылдауға негіз салғанын мәлім етті.
Сонымен қатар, Лассина Зербо Қазақстан Ұйымның ең белсенді серіктесі екенін жеткізе отырып, еліміздің Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың 14-бабы бойынша конференциясының тең төрағасы ретіндегі қызметін жоғары бағалады.
Айта кетейік, марапаттау рәсіміне шет мемлекеттердің елшілері, Австрияның сыртқы саясат ведомствосының, Венадағы халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04