13 Ақпан, 2017

Балқаш қаласында өрттен төрт адам қаза тапты

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Балқаш қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, екі жасар бала, оның ата-анасы мен көршісі тілсіз жаудың салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды baq.kz Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер 4 адамның мәйітін тапқан. Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мәйіттер бірінші және екінші қабаттағы екі пәтерден табылған. «Тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтерлерді тексерген уақытта үш адамның мәйіті табылды. Оның біреуі бала. Бұл пәтерде өрт болмаған. Өрт бірінші қабаттағы пәтерден шыққан», – деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті. Өрт 30 шаршы метр аумақты қамтыған. Тілсіз жаудың салдарынан пәтердегі жиһаздар, есік пен терезелер, сондай-ақ еден өртеніп кеткен. «Өртті сөндіру кезінде пәтерден ер адамның мәйіті табылды. Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр», – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.