13 Ақпан, 2017

Ақмоладан Қытайға астық жөнелтілді

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола теміржол бөлімшесінің Төңкеріс стансасынан Қытай Халық Республикасының Сиянь қаласына контейнерлік вагондармен қапталған астық жөнелтілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі. Қанатқаты жобаны «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны - «KTZ Express» АҚ қытайлық серіктесімен (Халықаралық мультимодальдық көлік компаниясы «CRIMT») бірлесіп ұйымдастырды. Бос контейнерлер астық элеваторларына контейнер тасымалдау техникасымен жеткізіліп, пойыздың жылжымалы құрамы түгелдей қапталған астықпен толтырылды. Оның құрамында жиырма футтық KTZU жекеменшігіндегі контейнерлік жүз вагонға барлығы 1800 тонна қапталған астық тиелді. «KTZ Express» АҚ контейнерлік және ғаламдық жүк жеткізуді дамыту мақсатында тапсырыс берушілерге барынша қолайлы жағдай жасап, контейнерлік мультимодальдық жеткізу схемасына автокөлік қызметін тарту мен қазақстандық инфрақұрылымды тиімді пайдалану жолдарын ұсынып отыр.