13 Ақпан, 2017

Оңтүстік Қазақстанда былтыр 600 мың тонна ұн экспортталды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Қазақстан облысының ұн тартушы кәсіпорындары өткен жылы 801 255 тонна ұн тартып, 269 900 тонна кебек шығарған. Шығарылған ұн өнімдерінің құны 62 825 млн теңгені құрайды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары мәлім етті, деп хабарлайды bnews.kz Тартылған ұнның 600 мың тоннаға жуығы экспортталып, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Ирак, Қытай және Монғолия елдерінің нарығына шығарылған. Жалпы, өңірде ұн тарту кәсібімен он шақты серіктестік айналысады. Атап айтқанда, олар – «Алтын-Дән» ЖШС, «Miller & K» ЖШС, «Kasimhan Grain Products» ЖШС, «Ақнан» ЖШС, «ЮГПИЩЕПРОМ» ЖШС, «Дани-Нан» ЖШС, «Ақ Маржан LTD» ЖШС, «Ордабасы нан» ЖШС, «Grain House 555» ЖШС, «Ерасыл-2030» ЖШС. Олардың ішінде «Алтын дән» ЖШС, «Ерасыл-2030» ЖШС, "Дани-Нан-Group" ЖШС, «Kasimhan Grain Products» ЖШС, "Асыл-LTD" ЖШС негізгі экспорттаушы компаниялар болып табылады.