14 Ақпан, 2017

Назарбаев ОҚО әкімін қабылдады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Ж.Түймебаев Мемлекет басшысына облыстың биыл­ғы перспективалары, сондай-ақ, өңір­дің 2021 жылға дейінгі әлеуметтік-эко­но­ми­калық даму жоспары туралы баяндады. Елбасы аймақтың салық түсімдері көр­сеткішінің төмен екенін, өңірдің респуб­лика бойынша мейлінше дотация­лы болып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еңбек нарығын реттеу саласындағы жұ­мыс­сыздық мәселелеріне назар аударды. – Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың үлесі жоғары. Оңтүстік Қазақстан үшін жұмыссыздық пен халық­тың көші-қон мәселесі әрқашан өзекті болып қала бермек. Бұл мәселелерді шешу үшін шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту қажет, – деді Қазақстан Президенті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Шымкенттің таяу келешекте тұр­ғын­дарының саны 1 миллион адамнан асатын қалаға айналатынын атап өтті. Облыс әкімі Елбасына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­ке­ге қабілеттілік» атты Жолдауда белгі­ленген мақсаттар мен міндеттерді ай­мақ тұрғындары жан-жақты қолдап отыр­ғаны туралы мәлімдеді. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев облыс өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларын дамы­ту, инвестициялық тартымдылығын арт­ты­ру жөнінде міндеттерді орындауға ба­ғыт­талған бірқатар нақты тапсырма берді. Сурет Президенттің баспасөз қызметінен алынды