Өткен жексенбіде Германия Федеративтік Республикасының президентін сайлау науқаны мәреге жетті. Федералдық жиын мүшелерінің дауыс беру рәсімінде басым дауысқа ие болған Франк-Вальтер Штайнмайер дәрежесі Канцлермен иықтас саналатын лауазымды атқаратын болды.
Жалпы, Еуропа экономикасының локомотиві, Еуропалық одақтың белді мүшесі, тіпті, бетке ұстар мемлекеті саналатын елдің президентін сайлаудың регламенті көп елдерден ерекшеленеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, президентті бес жылда бір мәрте осы шара үшін арнайы жиналатын Федералдық жиын мүшелері сайлайды. Ал конституциялық орган саналатын Федералдық жиын бундестаг депутаттары мен жер парламенттері, яғни ландтагтар сайлаған арнайы депутаттардан жасақталады. Федералдық жиынның жалғыз, жалғыз да болса аса маңызды міндеті осымен тәмам.
Сонымен, Федералдық жиынның қолдауына ие болған Франк-Вальтер Штайнмайер 18 наурызда президенттік өкілеттігі аяқталатын Йоахим Гауктың орнын баспақ. Сарапшылардың көпшілігінің пайымына салсақ, Штайнмайер – құбылмалы кезеңде тұрақтылықтың зәкірі бола алатын мығым саясаткерлердің бірі.
Жалпы, Германия Федеративтік Республикасының президенті – мемлекеттің бірінші тұлғасы саналады. Канцлер, бундестаг төрағасы, бундесрат төрағасы... одан кейінгі орындарда. Жаңа президент Штайнмайер елдегі ең танымал саясаткерлердің санатынан. Еуропада да, әлемдік ауқымда да сый-құрметке ие тұлға. Жұмысшы отбасынан шыққан, негізгі мамандығы – заңгер, заң ғылымдарының докторы. Сарапшылар оның саясат баспалдағымен өрлеуін елдің экс-канцлері Герхард Шредермен байланыстырады.
Ол елдің Сыртқы істер министрі, федералдық канцлер ведомствосының басшысы, вице-канцлер, Еуропалық одақ кеңесінің төрағасы сынды лауазымдарды атқарған. 2008 жылдан бергі аралықта Германияның социал-демократиялық партиясына төрағалық жасады. 2008 жылы ол Грузия-Абхазия арасындағы қақтығыстарды реттеу жолдарын ұсынған. Ресей мен Грузия арасындағы қақтығыстарға қатысты келіссөздерге қатысқан.
Алпыстан асқан саясаткерді германиялықтар отбасына берік адам ретінде ерекше құрметтейді. Әкімшілік істер жөніндегі судья болып қызмет атқаратын зайыбы екеуі бір қыз өсіріп отыр екен. 2010 жылы зайыбы ауыр науқасқа шалдыққан кезде Штайнмайер өзінің бір бүйрегін беріп, өмірін сақтап қалуға ықпал еткенін жергілікті БАҚ-тар жарыса жазған болатын. Сондай-ақ, басқа қалада тұратын қарт ата-анасына, бауырларына жиі барып, мерекелерде сыйлық жасап тұратыны да БАҚ назарынан тыс қалмапты.
Штайнмайердің кандидатурасы әуел бастан басым деп саналғанын айта кету керек. Социал-демократтар партиясы мен христиан-демократтардан құралған билік коалициясы өткен жылдың 14 қарашасында оның кандидатурасын ұсыну туралы ортақ шешім қабылдаған болатын.
Жалпы, ГФР президенті халықаралық аренада елдің ұстанымын көрсетіп, өзге мемлекеттермен келісімдер жасау, елшілерді тіркеу және қабылдау сынды жұмыстармен шұғылданады. Үкіметті жасақтауға қатысу да президенттің құзырында. Егер канцлердің кандидатурасы бундестагтағы дауыс берудің үш раундында басымдыққа ие болмаған жағдайда, сол сияқты канцлер бундестагтың сенімінен айырылған болса, парламентті тарату құқына да ие.
Тағы бір айта кетерлігі, президент министрлерді тек канцлердің ұсынысы бойынша ғана тағайындай алады, яғни министрлер кабинетін жасақтауға ықпалы аз деуге болады. Ал сотталушыларға федералдық деңгейде рақымшылық жасау өкілеттігі президентке берілген.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
• 14 Ақпан, 2017
Германияның жаңа президенті тұрақтылықтың ұстыны бола ала ма?

Ұлттық жобаны жүзеге асыру жайы талқыланды
Үкімет • Кеше
Ертіс-Баян өңірінде қысқы мезгілге 188 жылыту пункті дайындалды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Президент • Кеше
Іскерлік байланыстар артып келеді
Бизнес • Кеше
СҚО-да қазақ тілді балабақша тапшы
Аймақтар • Кеше
Көрнекті ақын Күләш Ахметова дүниеден озды
Тұлға • Кеше
Тұрмысы төмен азаматтар тегін грант алды
Бизнес • Кеше
Елорда • Кеше
Пілдің сүйегі немесе алғашқы ақша қалай пайда болды?
Теңге • Кеше
Ұлытау облысында әлеуметтік азық-түлік бұрышы ашылды
Аймақтар • Кеше
Риддерде жыл бойы жұмыс істейтін демалыс кешені ашылады
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында зауыт жұмысшысы күйіп қалған
Оқиға • Кеше
Тимур Сүлейменов: Халықтың жағдайы жақсы болса несие алмас еді
Экономика • Кеше
Ұлытаулық еңбеккер «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті
Президент • Кеше
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Ташкентке мемлекеттік сапармен барды
Президент • Кеше
Семей оқушылары пластик қақпақтардан экоқоқыс жәшігін жасады
Экология • Кеше
Қазақстанда ең төменгі жалақыны кімдер алады?
Еңбек • Кеше
Президент ауыл шаруашылығын цифрландырудың маңызына назар аударды
Президент • Кеше
Тоқаев: жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асты
Шаруашылық • Кеше