14 Ақпан, 2017

Өңірде өндірілген энергия өзін ақтай ма?

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Еліміздегі табиғи гид­ро­энер­гетикалық қуат қо­ры­ның 65 пайызы Алматы облысына тиесілі. Өңір­де­гі арынды тау өзен­де­рі­нің қуатын пайдалану бой­ынша шағын су электр ста­н­салары Сарқан, Ақ­су, Ескелді, Райымбек ау­­­дандары мен Текелі, Қап­­­шағай қалаларында са­­лынуда. Бұл – ГЭС-тер салудың халыққа ти­ім­­­­ділігін көрсетеді. Жетісу жерін электр қуа­ты­мен толық қамтамасыз ету мүм­кіндігі Мойнақ су электр стан­сасы құрылысының бас­талуымен дәлелденген еді. Ол құ­рылыс 1985-1992 жылдары жүргізіліп, заман ағымына орай тоқтап қалған болатын. Тәу­елсіздік алғаннан кейін Ел­басының ұйғарымымен осынау алып құрылыс қайта жан­данды. Ал Мойнақ ГЭС-і Швейцария мен Қытайдан кейі­н­г­і жер астын ұңғылау әдісімен са­лын­ған дүние жүзіндегі үшінші су эле­ктр стансасы болып санала­ды. Мойнақтан алынатын жа­рық көзі КЕГОК акцио­нер­лік қоғамының Шелек ауылы мен Қапшағай қаласының ор­тасындағы «Робот» атты қо­сым­ша стансасына беріліп, одан әрі еліміздің оңтүстік аймағына та­ра­тылады. Мойнақ ГЭС-інің бір жылда беретін электр қуаты 1 млрд 27 млн киловатт сағатты құрайды. Алып су электр стансасы болғандықтан бірінші кезекте өңірге электр қуатын үзбей берудің бірден-бір кепілі. Эколо­гиялық тұрғыдан алғанда өте таза, ешқандай көмір, газ жа­ғылмайды. Тау өзендерін тиімді пайда­ла­ну арқылы табиғи электр қуатын алу Сарқан өңірінде де жанданып келеді. Оның не­гізін Қазақ политехникалық инс­титутының түлегі Мэлс Раз­бекұлы 1982 жылы қалаған бо­латын. Алғашында екі генера­тор арқылы сағатына 480 кВт электр қуаты өндірілсе, Сарқан өңі­рінде бүгінде ұзындығы 98 метрлік 4 құбыр арқылы секундына 10 текше метр су пайдаланылып, сағатына 2400 кВт электр қуаты өндірілуде. Бір жыл­да 12 млн кВт электр қуаты өн­діріледі. Шағын су электр стансала­рын салудың өңірде жақсы да­­мып келе жатқанына мысал ре­тінде Лепсі, Басқан, Сар­қан өзен­деріне 8 шағын ГЭС са­­лы­н­­­ғанын айтсақ та жет­кі­лікті. Жалпы, Алматы облысында қуат­тылығы 751,8 мВт болатын 19 ГЭС бар. Өндірілетін электр қуаты арнаулы желілер ар­қылы еліміздегі бірден-бір мо­нополист болып табылатын «КЕГОК» акционерлік қо­ғамына жіберіледі екен. Аймақта өндірілген қуат көзінің құ­ны Алматы қаласы мен сол өңір­дегі тұтынушыларға 2014 жы­лы 14,47 теңгеден сатылса, 2016 жылы 16,1 теңгеге кө­те­ріл­ген. Жалпы, шағын су электр стан­саларында өндірілетін эле­ктр қуаты меншік иелерінің пай­далануынан әріге аспай тұр. Ірі­лендірілген электр стансала­рында өндірілетін қуат көзі орта­лықтандырылған жүйе ар­қы­лы айналып келгендіктен құ­ны артып, бағасы қымбаттау бо­лып отыр. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы