14 Ақпан, 2017

Жалпы отырыстың күн тәртібі қаралды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Онда салалық комитеттердің ұсынысымен палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың тал­қы­лауына бірінші оқы­лымға «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заң­нама­лық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы шы­ғарылатын болды. Екінші оқылымда үш заң жобасы: қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мен азаматтық заңнаманы же­тіл­діру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу және эколо­гиялық мәселелерге енгі­­зі­летін өзгерістер талқы­ла­натын болады. Күн тәртібінде Мәжі­ліске жаңадан келіп түскен заң жобасы да болды. Ол – «2017-2019 жылдарға арнал­ған рес­пуб­ликалық бюд­жет туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңы­на өзгерістер мен толық­тырулар ен­гізу туралы» заң жобасы. Осы құжат бой­ын­ша салалық комитетке қо­рытынды әзірлеу тапсырылды.