Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Елбасы облыс активімен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Елбасы кездесуге қатысушыларға жергілікті мәслихаттың кезектен тыс сессиясында кандидатурасы мақұлданған облыстың жаңа әкімі Мәлік Мырзалинді таныстырды.
Қазақстан Президенті облыс активіне арнаған сөзінде бірқатар көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, инвестициялар тарту көлемі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жөнінен өңір экономикасы дами түскенін айтты.
– Ауқымды үш дағдарысты бастан өткерсек те, еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалдық және әрі қарай дамып келеміз. Экономикалық қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік беретін ұлттық қор жинақтай алдық. Енді алдымызда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу мақсатына қол жеткізу үшін «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды іске асыру аясындағы жаңа міндеттер тұр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы әлемнің жаңа нақты ахуалы жағдайында технологиялар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін жаңа білім мен тәсілдерді қолдану қажеттігіне назар аударды.
Мемлекет басшысы индустрияландыру бағдарламаларын жүзеге асырудың, өңір және бүкіл республика бойынша инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығына тоқталды.
– Таяу жылдары Қазақстанда 7 мың шақырым автомобиль жолдары салынатын болады. Өңірлердің барлығы жоғары сапалы магистральдар арқылы байланысады. Олар балаларымыз бен немерелеріміз үшін мәңгілікке қалады. Сондай-ақ, әуежайлар қалпына келтірілуде. Каспийде 2 теңіз порты салынуда. Елімізде жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар жаңаша тәсілдерді қолдануды қажет етеді, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев М.Мырзалинге облыстың ауыл шаруашылығы секторын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы кооперативін құру, ғылыми әлеуетті пайдалану арқылы өнімділікті арттырып, ауыл шаруашылығына шағын несие бөлу, шағын және орта бизнесті жандандыру арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығын айтты.
Елбасы алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында пайдаланылатын облыстың туристік әлеуетін ерекше атап өтті.
Соңында Қазақстан Президенті қатысушыларға биыл астықтың мол болуын тілеп, көктемгі егіс жұмыстарында табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.
Ақмола облысы Астана қаласына жақын жатқандықтан, әрі елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз етіп отырған стратегиялық маңызды өңір болғандықтан Елбасы әкім етіп әбден ысылған маманды тағайындап отыр деп ой түюге негіз бар.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы
Сурет Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58