Гаага қаласында Нидерланд Корольдігі Премьер-министрінің кеңесшісі Дэвид ван Вил, Экономика министрлігінің Бас директоры Сандор Гаастра, СІМ Еуропа департаменті директорының міндетін атқарушы Адриаан Палм, «ЭКСПО-2017» Ұлттық комиссары Ханс Дриссер, Нидерланд Сенатының бұрынғы төрағасы Рене ван дер Линден, «Шелл» компаниясының сыртқы байланыстар басшысы Норберт Бот, Делфт университетінің профессоры Джэк Диллон және т.б. беделді әлеуметтік-саяси және іскер топтар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан достары клубының» бейресми отырысы өткізілді.
Қазақстанның Нидерландтағы елшісі Мағжан Ілиясов кездесуге қатысушыларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде жасалған жұмыстың қорытындыларынан хабардар етті.
Қазақстан Президентінің бастамасымен ұсынылған ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар президенттік басқару жүйесін сақтай отырып, мемлекеттік құрылымды жаңғыртуға, барлық билік тармақтарының халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға, Парламент пен Үкіметтің рөлін көтеруге бағытталғаны атап көрсетілді. Оған қоса, елші құқық қорғау және сот органдары мен конституциялық қадағалау жүйесі қызметін жетілдіру бойынша жоспарланған іс-әрекеттер туралы мәлімдеді.
Елші Конституциялық реформаларды жүзеге асыру Қазақстанның тұрақты дамуының жаңа институттық негізін құраушы 5 институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі элементі екендігіне екпін түсірді. Оған қоса, кездесуге қатысушылар «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты.
Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігіне 25 жыл толуына орай еліміздің халықаралық сахнадағы жетістіктері, жаһандық қауіпсіздік пен бітімгершілік салаларындағы Мемлекет басшысының бастамалары атап өтілді. Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздер үрдісіне қолайлы да ұтымды алаң ұсына білген Астананың ерекше үлесіне айрықша назар аударылды.
Қатысушылар Қазақстанның жетістіктеріне, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастық пен оның әлеуетіне жоғары баға берді. Алдағы маусым айына жоспарланған голланд делегациясының ЭКСПО-2017 көрмесіне сапары, парламентаралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше ретіндегі өзара ықпалдастығы Қазақстан мен Нидерланд арасындағы қатынастарды нығайтуға ықпал ететіні көлденең тартылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58