Дзюдо күресінде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрінген балуанның бірі, Азия чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс медаль иегері Ислам Бозбаев екі жылдай үзілістен кейін ел құрамасына қайта оралды. Оралғанда да дарынды дзюдошы қанжығасы майланып, олжалы оралды. Ол Әзербайжан астанасында өткен Grand Slam турнирінде 90 кило салмақ дәрежесінде топ жарып, мұндай деңгейдегі доданың алтын жүлдесін ұтқан төртінші қазақстандық дзюдошы атанды.
Кеше елге оралған балуанмен телефон арқылы тілдесудің сәті түскен еді. Төменде сол жедел сұхбатты сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.
– Ислам, жеңіс құтты болсын! Жалпы, құрама командаға оралуың да сенің жанкүйерлерің үшін қуанышты оқиға болып жатыр...
– Рахмет! Тағдырдың жазуы шығар – қиын сынақты бастан өткердім. Осы кезде маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен жандардың бәріне, атап айтқанда жеке бапкерім Сергей Дмитриенкоға, Ұлттық құраманың жаттықтырушыларына және де құрамадағы достарыма, өзімнің жанкүйерлеріме мың мәрте алғыс айтқым келеді. Өткеннен сабақ алу – кім-кімге болса да аса пайдалы дүние деп ойлаймын...
– Бакудегі «Үлкен дулыға» додасына оралсақ... Қай белдесу сен үшін, әсіресе қиынға соқты?
– Шынымды айтсам, оңайы болмады. Голландиялық Ноэль Ван Те Эндпен арадағы екінші белдесудің аса тартысты өткенін айтуға болады. Әрине, мұндай турнирде финалдық белдесудің жауапкершілігі мол болатыны бар. Қарсыласым, татами иесі Мамедали Мехдиев мықты балуандардың бірі. Гран-при турнирлерінің бірнеше мәрте жүлдегері, 2016 жылы Еуропа кубогінің жеңімпазы болған. Міне, осы қарсыласымды екі вазаримен ұттым.
– Алдағы жоспарың туралы айтып берсең...
– Таяу күндері Шымкент қаласында болатын оқу-жаттығу жиынына барамыз. Одан кейін құрама командамен бірге Түркияға аттанамын. Ол елде 5 сәуір күні Гран-при сыны өтеді. Осы додада өзімді тағы да жақсы қырларымнан көрсетсем деймін.
Шынын айтқанда, Бакудегі жеңіс мені қатты жігерлендірді. Өзіме деген сенімнің қайта оралғанын сезіндім. Мен үшін сенімділік – өрге сүйрейтін, жеңістерге құлшындыратын керемет күш.
– Құрама командадағы 90 кило салмақтағы орныңды сен жоқта күрескен балуандар оңайлықпен бере салмайтын шығар?
– Әлбетте. Мен жоқта бұл салмақта Сұңғат Зәкарияев пен Дәулетхан Жақыпов өнер көрсетті. Яғни, 90 кило салмақтағы бәсекелестік үшеуіміздің арамызда өрбитін шығар деп ойлаймын.
Жалпы, мен сынақтың қандайына болса да дайынмын. Құрамадағы өзімнің орнымды ойып алып, мамыр айындағы Азия біріншілігінде, тамызда өтетін әлем чемпионатында күрессем деймін.
– Дегеніңе жет!
Әңгімелескен
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58