Қазақстанның оңтүстігінде ел халқының 38 пайызы тұрады. Олар Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары. Ал шамамен 17 пайыз халық солтүстік өңірлерде тұрып жатыр. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
"Егерде мұндай жағдай одан ары сақтала беретін болса, онда болжамға сәйкес 2050 жылға қарай оңтүстік өңірлердің халқы 5,2 млн. адамға жетеді. Солтүстік өңірлердің халқынан 4 есеге асып түседі, ал солтүстік өңірлердің тұрғындары 1 млн. адамға кемиді", - деді министр. Оның айтуынша, қазірдің өзінде халықтың қоныстануда теңгерімсіздік байқалады.
Министр оңтүстік өңірде 100 жаңа туған балаға 12 қарт адамнан келсе, солтүстік өңірде 100 жаңа туған балаға 53 қарт адамнан келетінін айтты. Оның айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» жүйеге асырылған жылдардың ішінде оңтүстік өңірлерден Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарына 19 мың адам көшіп барған. Оларға бағдарлама аясында 5,4 мың қызметтік пәтер мен жатақханаларда бөлмелер салынған.
«Бұл саясат одан ары да жалғаса береді. Дегенмен, ендігі уақытта жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы аясында баспана салу қарастырылмайды. Өйткені, «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бірақ, жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы аясында қоныс аударушылардың жалға алатын баспаналарына төлем жасау мүмкіншілігі қарастырылады. Отбасы мүшелерінің санына байланысты әрбір мүшеге 34 мыңнан 68 мың теңгеге дейін баспана жалдауға субсидия беріледі. Мәселен, бір адам келсе, онда оған қалалық жерде баспана жалдауға 20 АЕК беріледі. Бұл шамамен 45 380 теңге. Егер отбасында 2-ден 4 адамға дейін болса,онда 25 АЕК беріледі. Мұнан бөлек, жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй салу мүмкіншілігі де қарастырылуда», - деді ол.
• 15 Наурыз, 2017
Қазақстанның оңтүстігінде халықтың 38 пайызы тұрады - Дүйсенова

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58