Оңтүстік шаруалары өзара тәжірибе алмасып, кооперативтер құру ісіне жаппай жұмылуы тиіс. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелерді ұжымдасып шешуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан бөлініп отырған түрлі жеңілдіктерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Бұл туралы Түлкібас ауданы, Керейт ауылында өткен «Кооперация-агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізі» атты көшпелі семинарда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
Семинарға қатысушылар алдымен 2012 жылы өңірлік индустриялды карта шеңберінде іске қосылған «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС –нің бекіре тұқымдас балық өсіру фермасының жұмысымен танысты. Жобаның жалпы құны - 452,0 млн теңге. Кәсіпорын жылына 40 тонна балық еті мен 30,0 келі қара уылдырық өндіруге қауқарлы. Балық өсіру ісінде мол табысқа кенеліп отырған «First Fish Company» ЖШС шараға қатысушыларға балық өсірудегі тәжірибесімен бөлісті.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста балық өнімдерін қайта өңдейтін 3, балық өсіретін 28 шаруашылық бар. Олар 2016 жылы 5213 тонна балық өнімдерін өндірген.
Семинарда сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев ауыл шаруашылығын дамытудағы негізгі басымдықтарға тоқталып, шаруаларды кооперативтерге бірігуге шақырды.
«Біздің облыстың болашағы - ауыл шаруашылығында. Сондықтан тәжірибесі мол шаруа қожалықтары тірлігін енді бастаған әріптестеріне барынша қолдау білдіруі қажет. Білгенін үйретіп, аяқтан тұруына көмек қолын созғаны абзал. Сонда ғана ұсақ шаруашылықтарды біріктіруге, ірі жобаларды іске асыруға кіріктіруге болады. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан бөлінген субсидияларға қол жеткізуге ықпал етеді. Ең бастысы – Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы дамиды», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Бұдан бөлек семинарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше