Эфиопияда 11 наурыз күні қоқыс полигонында көшкін жүріп, салдарынан бүгінге дейін қаза тапқандар саны 72 адамға жетті. Олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар. AFP агенттігі осыған дейін 65 адамның опат болғанын хабарлаған-ды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмысын жалғастырып жатыр. Эфиопия парламенті алдағы үш тәулікті қаралы күн деп жариялады.
Жарты ғасыр бұрын пайда болған қоқыс орны бірнеше жыл бұрын ресми түрде жабылған. Оның орнына төрт миллион халқы бар Аддис-Абеба қаласының жанына жаңа полигон ашылған. Алайда, бұл жерде тұрып жатқан фермерлер наразылықтарын білдіріп, жолды бөгеп тастаған болатын. Осының салдарынан қоқыс тасушылар бұрынғы орынға қайта оралды.
Мәліметтер бойынша, ескі полигонның маңайында жүздеген тұрғын өмір сүріп жатқан. Уақытша баспаналарын салып, қалдықтарды өңдеумен айналысып келіпті. Оқыс оқиғаның салдарынан бүкіл ауыл қоқыс астында қалды. Құтқарушылар тобы бүгінге дейін 37 адамды аман алып шықты.
• 15 Наурыз, 2017
Эфиопияда қоқыс астында өлгендер саны 72-ге жетті

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше