15 наурыз күні Нидерландта парламенттік сайлау өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, қазіргі премьер-министр Марк Рюттенің оңшыл либералдық Азаттық және демократия үшін халық партиясы жеңіске жетті, деп жазады ВВС.
NOS Нидерланд ұлттық телерадиокомпаниясының тапсырысымен жасалған есеп бойынша, Рютте басқаратын Азаттық және демократия үшін халық партиясы парламенттегі 150 орынның 31 мандатын иеленеді. Ал олардың басты қарсыластары - ультраоңшылдар, Герт Вилдерстің Азаттық партиясы 19 мандатты иеленді. Осыған орай Герт Вилдерс "Біз 19 немесе 20 мандат алуымыз мүмкін. Бұл мен күткендей нәтиже емес. Дегенмен, біздің жеңімпаздар қатарынан көрінгеніміз де жақсы нәтиже", деді. Ал қазіргі премьер-министр Марк Рютте Нидерланд халқы "қауіпті популизмге" қарсы дауыс бергенін айтты.
Осы сынға өз пікірін білдірген Вилдерс "Оның нені меңзеп тұрғанын түсінбедім. Ол (Рютте - ред.) жақсы және жаман популизм болатынын айтты. Мені екінші қатарға қосты. Мен өзімді популистпін деп есептемеймін", деді.
Вилдерс сайлауалды кампаниясында Дональд Трамптың лозунгтерін жиі қолданғандықтан "популист" атанып кеткен болатын.
Бір айта кетерлігі, Рюттенің жеңісін Германия мен Франция жақсы қабылдады. Германия канцлері Ангела Меркель аппаратының басшысы Петер Альтмайер Твиттер парақшасында "Нидерланд! Сіздер чемпионсыздар! Сайлаудың керемет нәтижесі құтты болсын", деп жазды. Ал Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Жақ Эйро "Әсіре оңшылдардың көтерілуіне жол бермеген голландықтарды құттықтаймын", деп жазды.
Жалпы, Нидерланд парламентіне өтетін партия саны көп болғандықтан, мемлекеттік үкіметте 100 жылдан астам уақыт бойы коалициялар құрылады. Ал сайлау басталмас бұрын мемлекеттегі барлық партиялар Вилдерспен коалиция құрудан бас тартқан болатын.
Сайлауда үшінші орында 16 депутат мандатын иеленген Рюттенің басқарушы коалициясының серіктестері - «Жасыл солшылдар» тұрса, 14 мандаты бар Социалисттік партия төртінші орын алды.
Биыл сайлауға халықтың 81 %-ы қатысқан. 2012 жылы бұл көрсеткіш 73 % болған.
Сайлаудың ресми қорытындысы бірнеше сағаттан кейін белгілі болады.
• 16 Наурыз, 2017
Нидерландтағы сайлау: оңшылдар лидері жеңілгенін мойындады

Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29