Алматыдағы Ғылым ордасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналының редакциялық алқа мүшелеріне Scopus халықаралық мәліметтер базасында Индекстеу жөніндегі куәлік салтанатты түрде табыс етілді.
Ұлттық ғылым академиясының 1946 жылдан бастап шығып тұратын 8 ғылыми журналы («ҰҒА Баяндамалары», «ҰҒА Хабаршысы», «ҰҒА Хабарлары. Биологиялық және медициналық сериясы», «ҰҒА Хабарлары. Физика-математикалық сериясы», «ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы», «ҰҒА Хабарлары. Химия және технология сериясы», «ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар және гуманитарлық ғылымдар сериясы», «ҰҒА Хабарлары. Аграрлық ғылымдар сериясы») 1960-70-жылдары-ақ рейтингтері жоғары халықаралық ғылыми журналдардың тізіміне қосылған болатын.
Академияның аталмыш ғылыми журналдары 1960 жылдан бастап АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония сияқты 73 мемлекеттің ірі ұлттық кітапханаларына жіберіліп тұрады. Осы журналдарды түгелдей халықаралық рейтинг беру және әйгілі Elsevier компаниясының Scopus мәліметтер базасына қосу жөніндегі іс-шаралар толық жүзеге асар болса, қазақстандық ғалымдар, оқытушылар мен студенттер көптеген материалдарға, аймақтық зерттеу ақпараттары мен пайдалы сілтемелерге, әлемдік зерттеулер саласындағы қазіргі үрдістердің толық нұсқасына қол жеткізе алмақ.
Әлемдік реферативтік базасында 21000-нан астам ғылыми-техникалық және медициналық, 5000-ға жуық халықаралық басылым индекстелетін Scopus мәліметтер базасына еніп отырған «ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналының редакциялық алқа мүшелерінің мұндай үлкен жетістікке жетуіне журнал авторларының да жоғары сапалы ғылыми мақалаларының жарияланып отыруы себепші болса керек. Енді Академияның қалған төрт журналын да осы халықаралық базаға кіргізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Нидерландтың Амстердам қаласынан осы салтанатты жиынға арнайы келіп, Ұлттық ғылым академиясының президенті, профессор Мұрат Жұрыновқа өз қолымен Куәлік табыс еткен Elsevier халықаралық компаниясының атқарушы вице-президенті Джино Усси өз баяндамасында: «Әлем бойынша 130-ға жуық мемлекет ғалымдары Scopus мәліметтер базасында мақалалар жариялап отырады, солардың ішінде Қазақстан ғалымдары да бар. Алайда қазақстандық ғалымдар еңбегінің сапасы әлі де болса ізденуді қажет етеді. Меніңше, сіздер дамыған елдер үлгісі бойынша дамытуды аса қажет деп санайтын салаларды ғана таңдап алып, сол бағыттағы ғылыми ізденістерді тереңдеткендеріңіз жөн», деген кеңесін айтты.
Еліміздің әлемдік кеңістікке егеменді мемлекет ретінде кіруі қазақстандық ғылымның да бірыңғай халықаралық ғылыми кеңістік интеграциясына әкелуде. Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалымдары, яғни Академияның толық мүшелері (академиктер) мен корреспондент-мүшелері, шетелдің құрметті мүшелері кіретін Ұлттық ғылым академиясы JAP (Халықаралық ғылыми мәселелер бойынша академияаралық Кеңесі), ХҒАҚ (Халықаралық ғылым академияларының қауымдастығы), TWAS (Үшінші әлем елдерінің ғылым академиялары), AASSA (Азия елдерінің ғылым академиялары қауымдастығы), ИЫҰ ҒАҚ сияқты бірқатар халықаралық ғылыми ұйымдардың мойындалған мүшесі болып саналады.
Салтанатты жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Білім және ғылым министр-лігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асқар Жәркенов, отандық ғылым саласының майталмандары мен ғылыми журналдардың басшылары қатысып, сөз сөйледі.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше