Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Тұратбек Шарапиевтен жүздесіп, аймақтағы спорттың бағыты және қысқы спорт түрлері туралы пікірлескен едік.
– Тұратбек Төлебекұлы, қысқы спорт түрлеріне жетісулықтар қандай дайындықпен келді?
– Облыста қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында 2013 жылы Талғар ауданында мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылған еді. Онда 33 жаттықтырушы биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, шаңғымен бағдарлау, президенттік көпсайыс бойынша 972 оқушыны жаттықтыруды қолға алды. Бұлардың арасында биатлоннан 2010 жылғы Ванкувер Олимпия ойындарының күміс жүлдегері, Азия Ойындарының алтын жүлдегері Елена Хрусталева да бар.
Негізі, спортшының алға ұмтылып тұруы үшін тұрақты түрде қысқы спорт түрлерінен спартакиада, турнирлер өткізіп келеміз. Жоғары жетістіктерге жету жолдарының бірі қарқынды оқу-жаттығу сабақтары, жарыстар алдында арнайы өткізілетін оқу-жаттығу жиындары болып есептелетіні мәлім. Универсиада-2017 жарысы алдында шаңғы қоссайысы командасының мүшелері Талғар ауданының Бесқайнар ауылында орналасқан В.Смирнов атындағы спорттық базасында арнайы дайындықтан өтуде.
– Үлкен спортта жеткен жетістіктеріңізді салалап айтып бере аласыз ба?
– Биыл тамызда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан Карина Горичева қола медаль ұтса, Маргарита Елисеева мен боксшы Жәнібек Әлімханұлы бесінші орынға ие болды. Ал Паралимпиада ойындарында пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева күміс медаль алды. «Жетісу» волейбол командасы – Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, Кубок иесі. Ол 2015 жылы алғаш рет өткізілген Суперкубокты алды. Сондай-ақ, Азияның клубтық командалар арасындағы жүлдегері болып табылады. Гандболдан «Іле» жасағы өткен жылы чемпиондыққа қол жеткізді, жақында Қызылордада өткен Азияның клубтық командалары чемпионатында үшінші болды. «Бесарыс» көгалдағы хоккей әйелдер клубы 3 мәрте Азия чемпионы, көгалдағы хоккей мен оның бір түрі – индор-хоккейден Қазақстанның 5 мәрте чемпионы болды. «Қапшағай» баскетболдан ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында 3-орынды иеленді. «Олимп» регби командасы чемпион атанды. Сол сияқты облыстың көкпар командасы Қазақстан чемпионатында үшінші орыннан көрінді.
Мемлекет басшысының бұқаралық спортпен шұғылданушы халықтың санын 30 пайызға дейін жеткізу туралы міндетін орындау мақсатында облыстың барлық ауылдық округ әкімдіктерінің аппараттарына 253 спорт әдіскер-нұсқаушы беріліп, волейбол, футбол, баскетбол секілді спорт түрлері бойынша секциялар жүргізуде. Облыс әкімінің өкімімен республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге жеткен 60 үздік спортшыға және 21 мүгедек-спортшыға ай сайын 30-300 мың теңге аралығында сыйақы төленуде.
– Әлем көз тігіп отырған Универсиадаға кімдер қатысады?
– Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиадаға облыстан шаңғы қоссайысынан 3 спортшы қатысатыны белгілі болды. Қазіргі таңда олар Ресейдің Нижний Тагиль қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұдан кейін 5 желтоқсан – 10 қаңтар аралығында Германия, Норвегия, Австрия, Словения елдерінде өтетін Құрлықтық Кубок жарысына ат салысады. Сондай-ақ, шаңғышы Абзал Кәрішалов 2017 жылы АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысады.
– Универсиаданың жоғары деңгейде өтуіне облыстың үлесі қандай болмақ?
– Универсиада кезінде Талғар ауданында «Алатау» шаңғы-биатлон кешені мен «Табаған» спорттық-сауықтыру кешені іске қосылады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға ішкі істер департаментінің 1150 қызметкерін және Қорғаныс министрлігінің аэроұтқыр әскерінің 150 қызметкерін тарту жоспарлануда. Универсиада нысандарында билбордтар мен баннерлерді орналастыру үшін арнайы киім-кешек киген жанкүйерлерді нысандарға жеткізу үшін Талғар ауданының әкімдігіне 39,7 млн теңге бөлінді.
Әңгімелескен
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы

Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 15:53
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мереке • Бүгін, 15:43
Тоқаев Dubai World Trade Center атқарушы вице-президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 15:35
Алдағы уақытта жасанды интеллект өнеркәсіпке енгізіледі
Президент • Бүгін, 15:22
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:20
Атлант мұхитында 3 адам сирек кездесетін вирустан көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады
Президент • Бүгін, 14:58
Мемлекет басшысы «Алтын виза» иегерлеріне берілетін жаңа жеңілдіктер туралы айтты
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:49
«Не боламыз, не бордай тозамыз»: Тоқаев цифрландыруға салғырт қарауға болмайтынын ескертті
Президент • Бүгін, 14:36
Қазақстан криптохабқа айналады: Президент Үкімет пен Ұлттық банкке шұғыл тапсырма берді
Президент • Бүгін, 14:31
Тоқаев: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ
Президент • Бүгін, 14:25
Цифрлық экономика ІЖӨ-ге қалай әсер етеді? Президент ұсыныстар енгізуді тапсырды
Президент • Бүгін, 14:18
Президенттің төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті
Президент • Бүгін, 14:02
Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?
Өшпес даңқ • Бүгін, 13:55
Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 13:40