2017 жылдың соңында не 2018 жылы Астана мен Тель-Авив арасында тікелей әуе рейсі ашылатын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі 7-ші отырыс барысында Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап өтуінше, 1995 жылы екі елдің арасындағы келісімге сәйкес Алматы мен Тель-Авив арасында тікелей әуе рейсі ашылған. Ендігі уақытта Қазақстан тарабы дәл осындай рейсті Астана мен Тель-Авив арасында ашуға ниетті.
«Біздің тараптан Премьер-Министрдің (Израиль үкімет басшысы Б.Нетаньяху ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасында Қазақстанға сапармен келеді деп күтілуде - автор) сапары аясында жаңа құжатқа қол қойып, оған Астананы қосу және рұқсат етілген рейс санын көрсету жайында ұсыныс бар. Яғни, ұшуларды бастауға құқықтық база жасау қажет. Біз осындай ұсыныс жасаймыз және сапар аясында қол қоюға дайынбыз», - деді ол.
Ластаевтың сөзіне қарағанда, Эйр Астана компаниясы 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында Астана мен Тель-Авив арасында әуе қатынасын орнатуды жоспарлауда.
«Бұған қоса, біз ЭКСПО кезіне біржақты тәртіппен израильдік әуе компанияар үшін барлық ұшуларға шектеулерді алып тастаймыз. Яғни, израильдік компаниялар тарабынан Қазақстанға ұшып келуге ниет болса, онда біз оны қолдаймыз. Жобаға қатысты біз өз коментарийімізді бердік, израиль тарабы қарады, алмасу болды», - деп атап өтті Ластаев.

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Бүгін, 21:59
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 21:19
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58