Алматы және Кипр туристік сервис саласында тәжірибе алмасады. "Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық", - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек Кипр Республикасының Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы Елшісі Георгиос Касулидиспен кездесу барысында. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени- гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласында тәжірибе алмасу мәселелерін сөз етті.
«Алматыда 150-ге жуық сәулет, тарих, мәдени ескерткіштер бар. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрағатына енген сегіз нысанның төртеуі, соның ішінде Талхиз қаласы мен Тамғалы таңбасы бар қырлы тастар оңтүстік астана аймағында. Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим кестесін одан әрі кеңейтеді. Бұдан өзге Алматыда Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді. Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық», - деді Б.Байбек. Мегаполис басшысы екі жақты сауда-экономикалық байланыстың жоғары әлеуетін да атап өтті. Мысалы, 2016 жылғы қарашада қалада 44 біріккен және 147 кипрлік кәсіпорын тіркелген. «Алматы ел экономикасының бес бөлігін құрайды, бұл бизнес пен шикізатсыз жеке капитал қаласы. Мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60 кеңсесі, банк офистерінің 90%-дан астамы орналасқан. Инвесторларға қолдау көрсетудің кешенді шаралары жүзеге асуда», - деді қала басшысы. Кипр Елшісі өз кезегінде табиғи ресурстар мен білім беру және басқа да салалар бойынша байланысты одан әрі нығайтуға ынталы екендерін айтты. Г.Касулидис тікелей әуе қатынасын ашудың уақыты келгенін де сөз етіп, бұл екіжақты туристер легіне оң ықпал ететінін жеткізді. Ол өзінің сөзінде Алматының сұлу қала әрі табиғатының тым көркем екенін тамсана айтты. Ал бұл туристерге барынша тартымды.Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59