Санкт-Петерборда Алашорда көсемі, Ресейдің Тұңғыш Мемлекеттік Думасының депутаты (1906 ж.) Әлихан Бөкейханның ескерткіш-бюстін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына тарту ету салтанаты болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Бюст Ресейдің алғашқы Думасының отырысы өткен Таврия сарайындағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының штаб-пәтеріне қойылды. Мүсінді жасаған – Өмірзақ Шаңов.
Салтанатты аша келіп, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ХХ ғасырдың басындағы көрнекті қазақ зиялысының туғанына 150 жыл толғаны аталып өтетін жылы бюстінің Санкт-Петербордағы Таврия сарайына орнатылуы ерекше мағынасы бар екенін атап өтті. Төраға осы мерейтойға байланысты естелік шаралар ЮНЕСКО аясында өтіп отырғанын еске салды.
«Әлихан Бөкейханның қызметі биік адамгершіліктің, ұлттық және азаматтық парызына кіршіксіз адалдық пен шынайы берілудің үлгісі болып табылады», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Салтанат барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы, Ресей Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко, Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володин, Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов сөз сөйледі.
«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей екі елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің салиқалы саясатының арқасында Еуразия кеңістігіндегі интеграцияның қозғаушы күшіне айналып отыр. Осы орайда, бюсттің таныстырылу салтанаты Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өтуінің символикалық мәні бар. Өткен жылдар ішіндегі біздердің мемлекеттеріміздің қарым-қатынасы ілгерілемелі дамуды айшықтап, ТМД кеңістігінде стратегиялық және одақтастық серіктестіктің жарқын үлгісі бола білді», - деді Нығматулин.
Салтанатты шараны аяқтай келіп Қ. Тоқаев, Ә.Бөкейханның бюсті Ресей, Қазақстан және Достастық елдерінің арасындағы тарихи байланыстар уақыты мен достық қарым-қатынастардың белгісіне айналатынына нық сенім білдірді.

Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59