Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледж студенті Өзбекстан астанасынан үлкен жеңіспен оралды. Барлығы 405 адам қатысқан өнер додасында Қорқыттың қобызын сарнатқан қазақ қызының еңбегі, ұстазының үміті ақталды, деп хабарлады BNews.kz.
Биылғы өнер сайысына 9 елден барлығы 405 өнерпаз қатысты. Олар 12-15 және 16-19 жас аралығында екі топқа, әр топ бойынша үрмелі, ысқыштар, ұрмалы және ішекті аспаптар номинациясы бойынша бөлінді.
Алматыдан осы байқауға арнайы барған П.Чайковский атындағы музыка колледжінің 4 курс студенті Индира Жандашова ысқыштар номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.
«Бұл жалпы үлкен конкурс. Біздің номинация бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжаннан өнерпаздар қатысты. Қайсысы болмасын өнерлі, талантты музыканттарын алып келген. Біз де осы байқауға тиянақты дайындалдық. Шәкіртім Индира ысқыш аспаптардың ішінде қобызбен шығып, тамаша өнер көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Еңбегіміз жанды. Менің үкілеген үмітім ақталды. Қуанышымызда шек жоқ», – деді жеңімпаздың ұстазы Гүлайым Қожамқұлова.
«Туған елдің әуені» халықаралық байқауы 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Аталған байқау қарапайым өнерпаздардың конкурсы емес, кәсіби музыкалық білім беретін арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері мен ұстаздары қатысатын дода.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18