Павлодарда өтіп жатқан бокстан Қазақстанның ерлер арасындағы чемпионатын республика спортының тарихында есімдері қалған тұлғалар да тамашалауда. Олардың қатарында бокстан Афина Олимпиадасының қола жүлдегері, қарағандылық Серік Елеуов те бар. Біз біріншілік барысында белгілі былғары қолғап шеберімен аз-кем әңгімелескен едік.
– Серік, чемпионат көңіліңізден шығып жатыр ма?
– Іріктеу кезеңдері артта қалып, жартылай финалға жолдама алғандар анықталды. Демек, нағыз шайқас енді басталмақ. Ширек финалда да тартысты жекпе-жектер болды. «Жүлделер ауылына» аяқ басқандардың қатарында есімдері елге таныла қоймаған жас спортшылар да бар. Павлодар рингі жаңа есімдер жазылатын дода боларына сенемін. Сондай-ақ, бұл чемпионат өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған додалардың бірі ретінде ел есінде қалуы керек.
– Рио Олимпиадасына қатысқан боксшылардың чемпионаттағы өнерін қалай бағалайсыз?
– Олимпиадашылар – біріншіліктің басты фавориттері. Сондықтан, олар өздеріне артылған сенімді ақтайды деген ойдамын. Бұған дәлел: Жәнібек Әлімханұлы мен Қайрат Ерәлиев те, Абылайхан Жүсіпов пен Ілияс Сүлейменов те – жартылай финалда. Қызықтың бәрі алда.
– Біріншілікте сіз күтпеген нәтижелер болды ма?
– Әзірше сенсация көрген жоқпын. Десе де, 75 килоға дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қызылордалық Тұрсынбай Құлахметовті бөле-жара атап өткім келеді. Меніңше, болашағынан зор үміт күттіретін жастың бірі осы Тұрсынбай болуға тиіс. Сондай-ақ, 64 килодағы жігіттердің де өнері ұнады.
– Павлодар боксы дегенде ойыңызға алдымен не келеді?
– Соңғы жылдары елімізде боксты дамытуға айрықша көңіл бөлген өңірлердің қатарында Павлодар да бар. Спортшы ретінде бұл жаққа табаным тимепті. Алғаш рет биыл көктемде, жастар арасындағы Азия біріншілігіне келдім. Міне, екінші рет Павлодар жеріндемін. Мұнда боксшыларға өте жақсы жағдайлар жасалған. Қолдау керемет. Тек жаттығуға мән беріп, нәтижеңді жақсартуды ғана біл. Жергілікті бокс федерациясының президенті Шухрат Данбай – былғары қолғап шеберлерінің нағыз жанашыры. Өңір боксының жаңа сатыға көтерілуі де осы кісінің еңбегі деп білемін. Өңірлік федерацияның атқарушы директоры Азамат Мақажанов та жақсы бастамаларға ұйытқы болып жүр. Облыстағы боксқа деген қамқорлықты барған жерлерімде айта жүремін.
Әңгімелескен
Фархат ӘМІРЕНОВ
ПАВЛОДАР
• 26 Қараша, 2016
Серік ЕЛЕУОВ: Біздің бокста болашағы зор жастар жеткілікті

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18