Қарағанды облысының әкімі Германия мен Молдавия елшілерін қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұрмұхамбет Әбдібеков жаңадан тағайындалған Германия Федарциялық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті. Аймақ басшысы Елшіге Қарағанды облысының Германиямен әріптестік қарым-қатынас орнату бағытындағы жұмыстары туралы баяндады. Облыс әкімі жыл басынан бері тауар айналымы 45 миллион долларды құрағанын, оның көп бөлігі импорт арқылы келетіндігін баяндады. Экспортталатын тауарлар қатарында сутегі, инертті газдар бар.
- Екіжақты қарым-қатынастар тәжірибесі Германияның сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор екендігін аңғартады. Біз германдық инвесторлардың бізге жаңа технологиялар әкеліп, біздің қазба байлықтарымызды өндіруге атсалысуына мүдделіміз, - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Германиялық әріптестердің қатысуымен облыста бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы арматура және қапталған труба шығаратын зауыт та бар.
Өз кезегінде неміс елшісі Қарағанды облысы Евроодақ елдерінің қызығушылығын оятқан экономикалық аймақ екендігін атап өтті:
- Қарағанды облысының экономикалық потенциялы мен бұл жерде этникалық немістердің көп болуы, бізге әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі неміс инвесторларын әріптестікке шақырды және білім беру мәдениет саласында тәжірибе алмасуды ұсынды.
Аймақ басшысы дәл осы ұсынысты Молдова Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Думитру Брагишеммен кездесуінде де айтты.
Облыс аумағында Молдава Республикасының кәсіпкерлерінің қатысуымен 5 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Олар құрылыс, ауылшаруашылығы, сауда, қайыра өңдеу және жылжымайтын мүлік нарығында танылған.
- Инвесторларға жасалған тиімді жағдайлар, шикізат қорының көп болуы, біздің облысымыздың географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы – аймағымызға инвестиция тарту үшін оң жайдайды қалыптастырды. Мен екіжақты қарым-қатынас орнатуда және әріптестікті дамытуда өзіндік мүде болатындығын білемін. Сіздері біздің экономикамыздың түрлі саласында бірлесіп еңбек етуге шақырамын, - деді Қарағанды облысының әкімі Молдавия Республикасының елшісіне.
• 28 Қараша, 2016
Қарағанды әкімі Германия, Молдавия елшілерін қабылдады

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады
Ауа райы • Бүгін, 22:59
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Бүгін, 22:36
Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04