Жақында OLX сервисі жүргізген зерттеу нәтижесінде Қазақстанның ең таза және ең лас қалалары анықталды.
«Мінсіз қала» жобасы аясында қазақстандықтар арасында ең таза қаланы анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Тұрғындар қаладағы тазалыққа 1-ден 7-ге дейінгі шкала бойынша баға берді. Зерттеуде көшелердегі тазалық пен тәртіп, ауаның тазалығы және коммуналдық қызметтер назарға алынды. Бұл жолғы зерттеудің өзгелерден бір айырмашылығы – рейтингте сарапшылардың емес, қала тұрғындарының пікірі ескерілген.
Сауалнамаға сәйкес, еліміздің ең ірі 20 шаһарының ішінде Қостанай ең таза қала атанды. Жалпы рейтингте ол 21 балдың 13,8-ін жинаған. Әсіресе, қостанайлықтардың ауаның тазалығына көңілі толады екен. Коммуналдық қызметтердің жұмысын 3,7 балға бағалаған. Тазалық жағынан екінші орында – Орал қаласы. Жалпы ұпайы – 13,7. Үштікке 13,6 балмен Талдықорған қаласы енді.
Ал еліміздің бас қаласы – Астана үздік бестікке де кіре алмады. Елордамыз Көкшетаумен бірге алтыншы орында тұр. Қос қалада 13,1 балдан бар. Ал 4 және 5 орындарда – Шымкент (13,5) пен Петропавл (13,3). Ең таза 10 қаланың ішіне Тараз (12,6), Ақтау (11,9), Павлодар (11,7) және Рудный (11,6 балл) кірген.
Тазалықтың жалпы рейтингінде ең төмен балл жинаған қалалар қатарында Семей (9,5) мен Теміртау (7,5) бар. Қарағанды мен Өскемен де (екеуінде де –9,6 балдан) өзгелермен салыстырғанда, лас болып шықты.
Алматы қаласы тіпті, ондыққа да кіре алмады.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10