Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Ақтастағы Ахико» драмасының премьерасы басталды. Оған драмадағы бас кейіпкердің түптұлғасы Ахико ақсақал арнайы келді. Сондай-ақ премьераға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Спектакльге жапон ұлы Ахиконың қилы тағдыры арқау болған. Ол Кеңес үкіметі кезінде сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, 15 жасында жазықсыздан жазықсыз атақты «Қарлаг» түрмесіне түскен. Жастық шағының 10 жылын азаппен өткізіп, өлімші халде түрмеден шыққан соң ол қазақ анасының арқасында аман қалады. Осылай Қарағанды маңындағы Ақтас қаласында тұрақтап, қоныстанып қалады. Кейін Ахико өз Отанына шақырту алады, бірақ онда көп тұрақтамай, Қазақстанға қайтып оралады. Қазір Ахико ақсақал 85 жаста. 11 немере, 5 шөбере сүйіп, үлкен әулеттің басы болып отыр. Ахико Тецуроның тағдыр жолы - сталиндік зұлмат жылдарда Қазақстанға қоныс аударған, айдалып, жазықсыз сотталып лагерлерге әкелінген мыңдаған адамдардың, түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры. Қойылымда Ахиконың тағдыры арқылы ХХ ғасырдағы ең ауыр кезеңде, азап лагерлерінде отырып, өзінің адами бейнесін сақтап қалған рухы мықты, жасампаз жандардың жиынтық бейнесі жасалған. Айта кетейік, Қазақстанның театр кеңістігінде тұңғыш рет көзі тірі саяси қуғын-сүргін құрбанының тағдыры деректі драмаға арқау болып отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Асхат Маемиров сахналаған бұл қойылым М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған үлкен жобасы. Басты рөлді театр актері Дулыға Ақмолда сомдайды. Сондай-ақ қойылымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс (Ақайдың Қасені), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Азамат Сатыбалды (Степан) сынды танымал әртістер ойнайды.

Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
Мереке • Бүгін, 11:01
Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті
Туризм • Бүгін, 10:52
Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған
Аймақтар • Бүгін, 10:51
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:37
Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты
Әлем • Бүгін, 10:30
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмысшыны қысқартады
Әлем • Бүгін, 10:22
Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11
Талдықорғанда есірткі таратқан ерлі-зайыпты ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:59
Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кеткен: Кінәлілер жазаланды
Оқиға • Бүгін, 09:45
Табиғатты қорғау – ортақ жауапкершілік
Экология • Бүгін, 09:10
Спорт • Бүгін, 09:07
Жануарлар • Бүгін, 09:05
Футбол • Бүгін, 09:03
Қоғам • Бүгін, 09:02