Аймақтар • 25 Шілде, 2017

Алматыда арзан бағалар фестивалі өтеді

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 тамыз күні Алматыда «Almaty Sales Festival: Summer 2017» арзан бағалар фестивалі басталады.

Алматыда арзан бағалар фестивалі өтеді

«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылатын фестиваль 1 тамызда басталып, 1 қыркүйекке дейін жалғасады деп күтілуде.

«Almaty Sales Festival: Summer 2017» арзан бағалар фестиваліне қаланың 100 сауда орталығы мен 15 мейманхана қатысады.

Аталмыш фестивальге қатысушылардың барлығы киім, техника, аксессуарларды арзандатылған бағамен сатады. Қысқасы, фестивальге арзан бағамен тауарлардың сан алуан түрі қойылмақ.

Сауда орындарында тауар түрлеріне сәйкес, бағалар 80 пайызға дейін төмендетілмек. Ал қонақүйлердің қызметі 40 пайызға дейін арзандайды.

Фестиваль 4 тамыз күні «Мега Алма-Ата» сауда орталығында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ресми түрде ашылады.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30