
Қала басшылығы Халықаралық Олимпиада комитетімен келіссөздерді сәтті аяқтаған. 2024 жылғы Олимпиада ойындарын Францияның астанасы Париж қаласы қабылдаса, төрт жылдан кейінгі дүбірлі дода Лос-Анджелес қаласында өткізеді. Мұндай шешім ХОК-тың Лоззана қаласында өткен жиналысында қабылданды.
Лос-Анджелес қаласы өз тарихында Олимпиада ойындарын екі мәрте (1932 және 1984 жылдары) қабылдаған. Алдағы Жазғы ойындарын 2020 жылы Жапония астанасы Токио қабылдаса, 2016 жылғы Олимпиада Рио-де-Жанейро қаласында өткен болатын.