
Дөңгелек үстелді өткізудің басты мақсаты – сайлау және референдум кезінде Қазақстандағы мүгедек санатындағы азаматтардың сайлау құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ сайлау құқықтарын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері мен тәжірибелерін қарастыру.
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Имашев еліміздің Конституциясы бойынша әрбір азаматқа сайлау және сайлану құқығына кепілдік берілетінін атап өтті. Сайлау органдары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау процестеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.