
Ол кезде шаһар енді ғана салынып жатқан, яғни қазіргі заманауи келбеті қалыптаспаған болатын. Әйтсе де, сол кездің өзінде-ақ Сарыарқаның төсінде орын тепкен қаланың болашағы жарқын екенін анық байқадық. Өйткені халықтың ыстық ықыласы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары бізді бұған сенімді етті.
Қазіргі таңда Астана әлемдегі ең әдемі қалалардың біріне айналып, халықаралық аренада өзінің беделін биіктетіп үлгерді. Шаһардың көркі, зәулім ғимараттары таңғалдырады. Осынша қысқа мерзімде елорда салу кез келгеннің қолынан келетін шаруа емес. Батыстың заманауи қалалары қазіргі келбетіне жету үшін жүздеген жылдар жұмсады. Ал Қазақстан айналдырған жиырма жылдың ішінде әлем мойындаған алып шаһар салып үлгерді.
Әзербайжан халқы атынан бауырлас қазақ елін мерейлі мереке – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Елдеріңіз дамып, қалаларыңыз көркейіп, тәуелсіздіктеріңіз нығая берсін!
Анар РЗАЕВ,
Әзербайжан жазушылар одағының басшысы