
Бұл орайда ерекше жылы сөз өзінің теңдессіз таланты мен айрықша идеясы бірегей қаланы тұрғызуда авторлық қолтаңбаға айналған, Республиканың негізін қалаған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналатыны сөзсіз.
Мен Астанада бірнеше рет болдым. Сонда әр келген сайын, кезінде тың игеру жылдарында, біз мәскеулік студенттер, бұл аймақта жұмыс істегенімізді еске аламын. Тіпті сүйектен өтер жел мен көз аштырмас боранға қарамастан біздің арқан бойымен Тың игерушілер сарайына жеткенімізді де ұмыту мүмкін емес. Ал мұны еңсеруге не себеп болғанын анықтар болсақ, ол – би кеші еді!
Енді бүгінде Астана көшесімен серуендеп келе жатқанда, бұл тек жас қала емес, жастардың қаласы және жаңа қазақстандық ұрпақтың қаласы екендігі туралы ой келеді. Міне, бұл сөзсіз, елорданың басты келбетін айқындай түседі.
Астана, тұтас Қазақстан секілді болашаққа ұмтылуда!
Бұл жолда Сіздердің баршаңызға сәттілік тілеймін!
Виталий ИГНАТЕНКО,
Бүкіләлемдік орыс баспасөзі ассоциациясының президенті, ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі