
Саммитке қатысушылар TWESCO атқарған жұмыстарға, атап айтқанда ұйымның ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне, жүргізген арxеологиялық қазба жұмыстарына, әзірлеген «Ортақ түркі тариxы» оқулығы, «Аталар мирасы», «Түркбарометр» сынды жобаларына, БҰҰ, ЮНЕСКО-да ұйымдастырған іргелі шараларына, өткізген xалықаралық форумдарына, шығарған 90-нан астам ғылыми еңбектері мен кітаптарына ризашылық білдірді. Саммиттің қорытындысы бойынша қабылданған декларацияда академия жұмысына жоғары баға берілді.