
Байдаркамен 500 метрге жүзуден бірінші болып келген Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токарницкий және Евгений Алексеев төрттігі, ал әйелдер құрамасынан Зоя Ананченко, самбодан алтын медальға ие болған Бағлан Ибрагим мен қола жүлдегерлер Бейімбет Канжанов, Әлібек Зекеновті елордада алғашқы болып бір топ қолдаушылары, жақындары мен белсенді жастар құттықтады.
2018 жылдың 18 тамыз – 2 қыркүйек күндері Индонезия астанасы Джакартада мен Суматра аралының ең үлкен қаласы Палембангте XVIII жазғы Азия ойындары өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 440 спортшы 37 дисциплина бойынша олимпиадалық 25 спорт түрінен жарысқа түсті. 2018 жылғы Азия ойындарында Қазақстан Ұлттық құрамасының спортшылары 15 алтын, 17 күміс, 44 қола медальдар жеңіп алып, жалпы 76 медальмен Азия ойындарын 9 орынмен аяқтады.