
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде екпіні секундына 23-28 метр болуы күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде секундына 15-23 метр жел күшейеді.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, секундына 15-20 метр жел күшейеді, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр болады, Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.