
Қазақстанға жаһандық бәсекелестікті сезіну қажет. Өйткені біз стратегиялық бәсекелестік әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан жаңғыру, тиімді реформаларды іске асыру маңызды.
Негізінде, экономикалық саясаттың басты элементі ретінде экспортқа бағдарланған индустрияландыруды атауға болады. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасының маңызды бөлігі, сондықтан осы бағытты капиталдандыру өте өзекті.
Болашақта бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалаудың қатерінен қорғауды күшейту қажет.
Назарбаев Университет аясында жасанды интеллект технологиясын дамытуға арналған қозғаушы күштердің бірі бола алатын төртінші индустриялық революцияны дұрыс іске асыру маңызды.
Маған «Астана» халықаралық қаржы орталығының дамуына баса назар аударылғаны ұнады. Орталық бизнеске шетелдік инвестициялар мен капиталға қолжетімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнау үшін қосымша адам капиталын пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті болуы керек.
Жолдауда білім беру саласына баса көңіл аударылуын өте тиімді қадам деп есептеймін. Бұл орайда білім берудің барлық бағыттарына әлемдік деңгейдегі профессорлардың назарын аудару керек.
«Азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік аппаратты» ескере отырып, «электронды үкіметті» қолдану мүмкіндігі пайдалы болады және ол болашақта электронды үкімет саласында Қазақстанды аймақтағы көшбасшы елге айналдыруға мүмкіндік береді.
Мені, Жолдауда айтылғандай, Президент Әкімшілігінде Ұлттық жаңғыру кеңсесін құру және оған тиісті мандат беру мәселесі қызықтырды.
Елді дамытуға жастардың белсенді қатысуы басты фактор болып табылады. Президенттің тапсырмасы негізінде болашақ саясаткерлердің буыны қалыптасуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуына көшбасшылық бағдарламалар, соның ішінде индустриялық бағдарламалар өз көмегін тигізе алады.
Раду МАГДИН,
халықаралық сарапшы (Румыния