Теннис • Бүгін, 12:20

Тенисші Заңғар Нұрланұлы чемпион атанды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп жазады Egemen.kz.

Тенисші Заңғар Нұрланұлы чемпион атанды

Фото: ҰОК

Жарыс кезінде спортшымыз бірінші нөмірмен бақ сынады. Финалда отандасымыз оңтүстіккореялық Мин Хук Чоннан 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде басым түсті. Турнир бойы Заңғар қарсыластарына бір де бір сетте жол берген жоқ.

Нұрланұлы жекелей сайыста осымен алтыншы рет ITF Juniors турнирлерінде жеңімпаз атанып отыр.