01 Желтоқсан, 2018

Ақтауда веложарыс өтті

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізінің жағалауында өткен веложарыс Қазақстан республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналды.

Ақтауда веложарыс өтті

Ақтау қалалық әкімдігінің қолдауымен «Каспий» ӘКК» АҚ мен «Velociti.kz» Қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған веложарысқа Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілері мен Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенттері, ірі компаниялар өкілдері қатысты.

Теңіз жағалап жарысқа түскендер 2,5 шақырым қашықтықты бағындырды. Әрбір адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, оны нығайтуға ұмтылуын, салауатты өмір салтын дәстүрге айналдыруды мақсат еткен сайыстың жеңімпаздары «Aqtaybike» велосипедімен сайысқа түскендер және жеке велосипедімен сайысқа түскендер атты екі номинация бойынша анықталып, «Каспий» ӘКК» АҚ-ның естелік сыйлықтарымен марапатталды.

– Сайысты ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, сайыс жоғары деңгейде және қызықты өтті. Тұрғындардың денсаулығын нығайтып, жігерін шыңдай түсу үшін спорттық сайыстар өте қажет, әсіресе біздің өлкемізде мұндай сайыстарды жыл бойы өткізуге болады, дейді «Aqtaybike» велосипедімен сайысқа түскендер арасынан жеңімпаз атанған А.Қисаева.

Қала тұрғындары мен қонақтарына қала бойынша қоғамдық көліктермен автомобильдерге балама көлік ретінде велосипедтерді ұсынатын «Aqtaybike» әлеуемттік жобасы 2018 жылы басталды. Өз қызықты бастамаларымен қуантқан жоба ендігі кезекте қызықты селфи, өзге де жобаларын бастауды жоспарлап отыр.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы