01 Желтоқсан, 2018

Павлодарда 215 тұрғын пәтерлі болды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы «Сарыарқа» деп аталатын жаңа шағын ауданда екі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Павлодарда 215 тұрғын пәтерлі болды

Тұрғындарды Тұңғыш Президент күнімен қатар келген қуаныштарымен облыс әкімі Болат Бақауов құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

Ал, «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданындағы тұрғын үйлер кешенінің құрылысы 2021 жылы аяқталады.

Сонымен бірге, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бұл күндері облыс орталығында «Достық» шағын ауданының құрылысы басталды.

Жаңа үйден пәтер алған Индира Сайфурова 15 жылдай кезекте тұрып, қаражатын «Тұрғын үй құрылыс жинақ» АҚ банкінде жинаған.

- «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер құнының 50 пайызын жинап, пәтер алдым. Енді 6 жыл ішінде қалған ақшасын төлеймін,-дейді Индира.

Пәтерлердің бір шаршы метрі 121 мың теңге. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ» АҚ банкінде пәтер құнының 20 пайызын құрайтын салымға ие болу керек. Банк өкілдерінің айтуларынша, жыл соңына дейін тағы 288 салымшы пәтер алмақшы.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Валерий Бугаев