Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

«Сәтті Жұлдыз» сауда нарығында ШОБ-ты қолдамақ

750 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлемдік лотерея индустриясында билет сату процесі кішігірім дүкендер арқылы іске асады, яғни шағын және орта бизнес өкілдері үшін өте ыңғайлы. Деген­мен Қазақстанда лотерея өнімін сату ұзақ уақыт бойы меншікті желі арқылы немесе кәсіби бөлшек сауда орындары арқылы жүзеге асырылып келді. 

«Сәтті Жұлдыз» сауда нарығында ШОБ-ты қолдамақ

«Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея операторы 2018 жылдың наурыз айында нарықтағы стратегияны өзгерту мақсатында сауда секторының кәсіпкерлерін ынталандыра бастады. 

«Мен дүкенде тұрған қарапайым сатушының сол дүкеннің иесі де өзі екенін және де сату орнында нан немесе сүт өнімдерін тіпті қарызға беріп жатқанын көргенімде, бұл кәсіпкердің серіктес болуға әбден лайық екенін бірден тү­сі­не­мін. Дүкен иесіне жұмысқа қажетті жарнама материалдары, қымбат құрылғылар – барлығы тегін беріледі. Сатушыларға арналған оқу жаттығуларын да толығымен өз мойнымызға алдық, міне біз кәсіпкерлермен осындай қарым-қатынас құрамыз», дейді Александр Тен.

«Сәтті Жұлдыз» басшысы лотереямен жұмыс істеуге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер әлі де компаниямен байланысқа шығуға болатынын жеткізді. Оператор келесі 2019 жылдың көлемінде тағы да 1 мыңға жуық сату нүктелерін іске қоспақ. 

«Қазір бізде өте табысты сату орындары бар және олардың басым бөлігі – үй жа­нын­дағы кішігірім дү­кендер. Бұл сату орын­да­ры­ның табыс­­­ты болуының басты құпиясы – кәсіпкерлердің лотерея өнімін пайда табу мақсатында сатудағы қызығушылығы», дейді Александр Тен.

Мысалы, үстіміздегі жылдың 21 қарашасы күні ұялы телефонға арналған қосымшаларды сату бөлімінен лотерея билетін сатып алған қа­ра­ған­дылық тұрғын 24 564 млн теңге көлеміндегі су­пержүлдені ұтып алды. 

Бұл бизнестің иесі Наталья Николаева былай дейді:

«2018 жылдың 16 мамыры күні сату басталған сәттен бастап «Сәтті Жұлдыз» АҚ компаниясымен серіктеспін. Жеңімпаз 24 млн теңге ұтып алған билетін менің дүкенімде сатып алғанын естігенімде таңғалдым. Оның үстіне, осыған орай «Сәтті Жұлдыз» маған ұтыстың 1% көлемінде сыйақы беретініне де қуандым. Айтпақшы, осы жаңалықтан кейін тұтынушылар екі есеге көбейді. Жұмыс істеу ыңғайлы әрі табыс көлемі де ұлғая түсті». 
Лотерея бизнесінің әлемдік бірыңғай практикасы бойынша сату желісін ұлғайту мақсатында лотерея операторы жергілікті ШОБ өкілдеріне қолайлы жеңілдіктер арқылы қолдау көрсетеді. Бірақ жақын арада мұндай мүмкіндік жабылуы мүмкін. Дегенмен әзірше оператор серіктестік өтінімдерін қабылдайды. Бастапқыда «Сәтті Жұлдызбен» 2019 жылдың ортасына дейін серік­тестік орнатып үлгерген кәсіпкерлер үшін шарт­тар толы­ғымен сақталады, нақтырақ айтқанда: 6% агент комис­сиясы және ұтыс сомасының 1% кө­леміндегі сыйақы мөлшер­ле­ме­сі өзгермейді.