Қазақстан • 12 Қаңтар, 2019

ITiMAQ – KAZALY балалар технопаркі ашылды

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазалы аудандық оқушылар үйінде ITiMAQ – KAZALY балалар технопаркі ашылды.

ITiMAQ – KAZALY балалар технопаркі ашылды

Сандық зертхана кабинеті арнайы білім беру бағдарламаларында көзделген теориялық және практикалық сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Технопарк базасында робототехника, компьютерлік және интерактивті жабдықтар, радиоэлектротехника, бастауыш техникалық модельдеу, көлік модельдеу үйірмелері жұмыс жасайтын болады.

3D технологияларды оқытуға арналған мультимедиялық кабинет арнайы жиһазбен, заманауи компьютерлік және мультимедиялық құралдармен, 3D принтермен және материалдармен жабдықталған.

Келешек жастардікі. Жаңа заманның керегімен ерте бастап қаруланған бұл жеткіншектер үшін жақсылықтар алда.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше