Қазақстан • 25 Қаңтар, 2019

Құрдастарын соққыға жыққан қызылордалық оқушылар сотталуы мүмкін

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектеп дәретханасында құрдастарын ұрып, оны видеоға түсірген жасөспірімдер анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрдастарын соққыға жыққан қызылордалық оқушылар сотталуы мүмкін

«Тергеуге дейінгі тексеру амалдары аясында полиция қызметкері мектеп дәретханасында құрдастарын соққыға жығып, мұның барлығын видеоға түсірген жасөспірімдердің аты-жөндері анықталды. Оқиға осыдан бір жыл бұрын, 2018 жылдың 10 қаңтарында Қызылорда қаласында болған. Сол кезде зардап шеккен оқушының ата-анасынан полицияға шағым түскен жоқ», - деді Алмас Садубаев.

Департамент басшысының айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Аталған бап бас бостандығынан 5 жылға дейін айыруды немесе дәл осы мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді», - деді Алмас Садубаев.

Бұған дейін Түркістан қаласында да қатарластарына әлімжеттік жасаған оқушылар әрекеттерін видеоға түсіріп, ол әлеуметтік желіген тарап кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25