Қазақстан • 05 Ақпан, 2019

Мультфильмнің пайдасы мен зияны қандай?

2441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде ересектер арасында мульфильмдердің пайдасынан зияны басым екенін айтатындар көп. Ал оның негізгі көрермені балалар мен жасөспірімдердің пікірі қандай?

Мультфильмнің пайдасы мен зияны қандай?

Шымкент қаласындағы №8 гимназияның 6-сынып оқушысы Нұриман Әділхан осы тақырыпты зерттеп көріпті. Сөйтіп Білім және ғылым министірлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған XIV «Зерде» ғылыми жобалар байқауына ұсынған.

«Бұл тақырыпты таңдаған себебім, 2 жыл бұрын «Қалқанқұлақ» атты телехикаяға түскенмін. Студияда көп уақытымды аниматорлардың жанында өткіздім. Қағаз бетіне салынған суреттердің көгілдір экранда көрсету жолдарын көрдім. Ол процесс мені өте қатты қызықтырды. Жобамды тамыз айынан бастап дайындадым. Біз техника дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Балаларға арналған анимациялық фильмдер жетерлік. Олар отандық және шетелдік болып екіге бөлінеді. Жоба барысында фильмдердің пайдасы мен зиянын, отандық және шетелдік мультфильмдердің айырмашылығы мен ерекшеліктерін зерттеп, шығу тарихы және негізін қалаушыларды топтастырдым. Экранға дейінгі жұмыстар және қазақ тіліндегі туындылардың дұрыс сөйлеуге, тілді үйренуге арналған жолдарын қарастырдым» дейді байқауда «Мультфильмдердің пайдасы мен зияны» жобасымен Бас жүлдеге ие болған Нұриман Нұрланұлы.

Қиял-ғажайыпқа негізделген көп сериялы "Қалқанқұлақ" телехикаясында ақылды Бақбергеннің рөлін сомдаған Нұриман Әділхан келешекте қазақ киносы мен мультипликация өнерін дамытуға үлес қосқысы келеді. Шымкент қаласынан қатысқан 22 оқушы Ақмола облысының Шучье қаласында өткен республикалық байқаудан жүлдемен оралды.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15