
«Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Астана LRT» азаматтарды өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше кешке дейін жүрмеуді сұрайды. «Құрметті жолаушылар! Ауа райының бұзылуына байланысты № 306, 310, 311 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылатын болады. Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі туралы ақпарат «Астана LRT» ЖШС ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады. Қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты жаңалықтарды «Астана LRT» ЖШС-нің Facebook, Instagram парақшаларынан және www.alrt.kzсайтынан біле аласыздар», – делінген хабарламада.