28 Наурыз, 2019

Елордада алдағы тәуліктерде жаңбыр жауады

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжауынша, ертең Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада алдағы тәуліктерде жаңбыр жауады

«Оңтүстік-шығыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде + 1...+ 3°С, күндіз +6...+8°С құрайды», – деп хабарлады «Қазгидрометтен».

30 наурызда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде 0°С шамасында болса, күндіз +8…+10°С жылылықты көрсетеді.

31 наурызда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +8…+10°С құрамақ.

Соңғы жаңалықтар

Атажұрттан Анадолыға дейін

Көрме • Бүгін, 08:43

Шағатай әдебиеті

Таным • Бүгін, 08:40

Маңызды мүдделестік

Пікір • Бүгін, 08:15

Кіріс артып, инфляция төмендеді

Инфляция • Бүгін, 08:10