Германияның Франкфурт қаласында бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетті. Лондонда 2012 жылы өтетін Олимпиаданы межелеген осынау бәсекеге қатысқан 17 елдің үміт үкілеген ұландары арасында біздің боксшылар 3 алтын және 2 күміс медальға ие болды.
Бұл турнирге өмірден ерте озған талант иесі Бекзат Саттарханов бастаған, кейін де осал түсе қоймаған өзге беделді боксшыларымыз жалғастырған, аса жеңіл салмақтағы жеңістеріміз мұнда да үзілмеді. 48 кило салмақта Алматы бокс мектебінің түлегі Әнуар Мұстафаев алтыннан алқа тақты. Бір жақсысы, боксшыларымыз жеңіл және орта салмақтарда тұрақты түрде үздік нәтижелерге жетіп жүр. Мұны осы турнирдегі біздің қоржынымызға түскен қарағандылық Руслан Мәдиевтің (54 кг) алтыны да айқын дәлелдейді.
Қазақ боксшыларының Германия жеріндегі алтыны бұнымен шектеліп қалмады. 81 кило салмақта Арбек Әбдіғаниев (Тараз) неміс шаршы алаңында шеберлік танытып үшінші алтынды жеңіп алды. Оның бұл жеңісі, біздің бұған дейінгі ауыр салмақтағы бірқатар беделді боксшыларымыз жасына қарай рингтен кетуінен қоңылтақсып қалған көңілімізді бір демдеген ұтысқа айналды.
Астаналық Нұрлан Әбжановтың (51 кг) күміс медалі де қуанышты оқиға дер едік. Ал 69 кило салмақта тағы бір күмісті жеңіп алған Алматы облысының түлегі Жәнібек Әлімханұлы табысы, сөз жоқ, жалпыкомандалық жетістікті еселей түсті.
Жас боксшыларымыздың Германияда жеткен үздік табыстары Қазақстан бокс федерациясының былтырғы жыл қорытындысындағы, айтарлықтай деңгейдегі нашар көрсеткіштерден, ашық атап көрсетілген кемшіліктерден мамандарымыздың оңды сабақ алғандарын да айқындаса керек. Жасөспірімдеріміз бен жастар арасында қазірдің өзінде, жастығына қарамастан, байыпты да кәнігі бокс өнерін көрсетіп жүрген жігіттер жеткілікті. Біз дәл қазір Сингапурде өтетін І Жастар олимпиялық ойындарына асқан ыждағаттылықпен дайындық жасаудамыз. Ал бұл турнир жас боксшыларымыздың сол басты бәсекелерге дайындықтарының нақ биік деңгейіне жеткен күйде болуына жасалар басты сайыстарымыздың бірі деп бағалап отырмыз, – дейді Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Назар Ілиясов.
Дастан КЕНЖАЛИН

Қымбат медицина қолжетімді бола түсті
Медицина • Бүгін, 08:15
Медицина • Бүгін, 08:05
Агросаланы дамытудың кешенді жоспары
Саясат • Бүгін, 08:00
Жедел жәрдем 7 млн-нан астам шақыруға барған
Медицина • Бүгін, 07:58
Талдау мектебіне кезекті лек қабылданды
Саясат • Бүгін, 07:55
Конституциялық реформа: Елдің жаңа саяси тұрпаты
Президент • Бүгін, 07:50
Ана мен бала саулығы – елдің саулығы
Денсаулық • Бүгін, 07:45
Емтихан тапсыру кезінде автокөлік аударылып қалған
Оқиға • Кеше
Ауыр жағдайдағы сәби тікұшақ арқылы Астанаға шұғыл жеткізілді
Медицина • Кеше
Қазақстанда ең қатты арзандаған өнім белгілі болды
Қоғам • Кеше