16 Наурыз, 2010

СУПЕРКУБОК – “АҚТӨБЕДЕ”

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жексенбі күні елордадағы “Астана – Арена” стадио­нын­да өткен матчта “Ақтөбе” футбол клубы Атыраудың “Аты­рау” командасын 2:0 есебімен жеңіп, еліміз суперкубогының иегері атанды. Жеңімпаз командаға жеңіс сыйлаған алғашқы голды ойынның 42 минөтінде Струков соқса, 80 минөтте Аверченко есепті еселей түсті. Сөйтіп, “Ақтөбе” командасы осымен екінші мәрте аталмыш жүлдеге қол жеткізді. Суперкубокты Ұлттық футбол лигасының басшысы С.Байшақов команда капитаны Самат Смақовқа табыс етті. Осы тұста Қазақстан Футбол федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, Қазақстанның Суперкубогын премьер-лига командалары арасында чемпион атанған және Қазақстан кубогын жеңіп алған командалар сарапқа салатындығын айта кеткен жөн. 2008-2009 жылғы маусымда “Ақтөбе” 26 ойында 65 ұпай жинап, чемпион атанған-ды. Ал былтыр “Атырау” финалда Қарағандының “Шахтер” командасын жеңіп, Қазақстан кубогын жеңіп алған еді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.
Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025