Спорт • 24 Қаңтар, 2026

Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик өз мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Фото: Теннис федерациясы

Үшінші айналымда Александр Бублик әлемдік рейтингте 62-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді 7:6 (7:4), 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 35 минутқа созылды.

Бублик ТОП-10-дықта

Төртінші айналымда Бубликтің келесі қарсыласы – әлемнің алтыншы ракеткасы, австралиялық Алекс де Минаур болады.

Александр Бублик мансабында алғаш рет маусымды қатарынан 7 жеңіспен бастап отыр. Бұл – оның ATP деңгейінде хард жабындысындағы ең үздік жеңісті сериясы.

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Соңғы жаңалықтар