Қала прокуроры Ермек Шуақпаевтың сөзінше, Қостанай қаласы есірткіге тәуелділік және нашақорлар саны жағынан республика бойынша көш бастап тұр.
«Сөздің ашығына келсек, қылмыспен күрес жұмыстарында түйіні тарқамаған мәселелер жеткілікті. Өткен жылы кісі өлтіру, ауыр жарақат алу және тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстары тағы өсті. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны көп. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс деңгейі барлық рекордтарды жаңартып отыр. 2000 жылмен салыстырғанда соңғы жылдар көрсеткіші 13-тен 44-ке дейін өсті. Қалада өрескел бұзақылық әдетке айналды. Көптеген ойын-сауық орындарына барудың өзі қорқынышты», деді Ермек Шуақпаев.
Жиында Қостанайдағы түнгі клубтар мен кафе-барлардың адамды ұрып-соғудың, төбелес пен жанжалдың ортасына айналып отырғаны айтылды. Бұл сарындағы қоңыраулардың полиция қызметіне күн сайын түсіп отыруы тіпті қалыпты жағдайға айналған. Мәселен, 2025 жылы «Не хабар» клубында 85, «Панаехали» барында 68, «Волна» барында 46 тәртіп бұзушылық анықталған. Былтыр жергілікті полиция қызметіне аталған үш нысаннан тәртіпсіздік туралы 199 хабарлама келіп түсті. Мұндағы келеңсіз оқиғаның бәрі ішімдіктің салдарынан болған.
Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді
«Тіркелген ұрлық көрсеткіші де басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Облыстағы әрбір екінші жол-көлік оқиғасы қалада тіркелді. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, 800-ден астам адам жарақат алды. Алаяқтардың дәурені жүріп тұр. 2025 жылы алданғандар саны 1200 адамнан асты. Осы тектес құқық бұзушылықтарды азайту және болдырмау үшін біз «Айқын нәтиже» жобасын ұсынып отырмыз», деді Қостанай прокуроры.
Қостанайда су құбыры жарылды: Тұрғындар қақаған суықта сусыз отыр