Фото: Ашық дереккөз
Бас прокуратура таратқан мәлімет бойынша, ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы 8 автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деген күдікке ілініп отыр. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады.
Күдікті 3 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған.
Бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
«Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», делінген хабарламада.
Грузия халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын экстрадициялады