17 Наурыз, 2010

КӨРСЕТІЛЕР КӨМЕК КЕШІКПЕУІ ТИІС

578 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет отырысы болып өтті. Онда Үкімет басшысы Алматы облысындағы су тас­қынынан зардап шеккен ауылдарға арналып ашылған қорға жедел түр­де облыс әкімдеріне  50 млн. теңгеден, ал ұлттық компаниялар есе­бі­нен жалпы сомасы 500 млн. теңге аударуды  тапсырды. Сондай-ақ оты­рыста Үкіметтегі кадрлық орын ауысулар жөнінде хабарланып, елі­міз­дің білім саласында жеткен жетістіктері жайында баяндама тыңдалды. Үкімет отырысы барысында Алматы облысына Үкімет тарапы­нан бөлінген  474 млн. 600 мың тең­ге толық аударылып, қалған қа­ра­жат енді аударылатындығы бел­гі­лі болды. Естеріңізде болса, дүй­сенбіде К.Мәсімов Үкімет қоры­нан 599 млн. 838 мың теңге кө­ле­мін­де қара­жат бөлуді тапсырған бола­тын. Оның ішінде 499 млн. 838 мың теңге Қызылағаш және Егінсу ауыл­дары­ның тұрғындарына мате­риал­дық кө­мек ретінде, су құбыр­ла­рын жөндеуге және үйлерді жөн­деу­ге берілсе, 100 млн. теңге жаңа үй­лер салуға бөлінетін болады. “Мен таң­ертең облыс әкімдерімен сөйлес­тім. Дәл бүгін алғашқы көмек ретінде ақша жинап, жинақталған соманы ертеңге қалдырмай зардап шеккен ауыл­дарға аударатын бо­лы­ңыздар”, деген Премьер-Министр бұл жұмыс­ты “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ бас­қарма төрағасы Қай­рат Келім­бе­тов­ке тез арада қолға алуды тапсырды. Құрылыс және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық істері агент­тігінің төрағасы Серік Нокин Қызылағаш елді мекені 228 гектар аумақта орналасқандығын, ондағы 470 пәтерде 2 мың 240 адам тұра­тын­дығын атап айтты. Абай көше­сіндегі екі пәтерлі, панельді 6 үйді күрделі жөндеуден өткізу керек, бұл 12 пәтер сейсмикалық жағ­дайға жарамсыз күйде. 13 тұрғын үй нақты тексерістен өткізілуге жа­тады. Қалған 467 үй толықтай бұзылатын болады. Ал 8 қоғамдық ғимаратқа күрделі жөндеу жаса­лы­нуы керек, деді ол. С. Нокиннің айтуынша, бүгінде бұл жұмыстарға  құрылыс жобасымен айналысатын 47 ұйым тартылған, сондай-ақ бү­гінгі күні аумақты тазарту жұмыс­та­ры жүргізілуде. Агенттік төраға­сы­ның хабарлағанындай, Алматы облы­сындағы 3 елді мекен, Егінсу, Ақтоғай және Алажиде стансасын­да суға кеткен үйлер бар көрінеді. Егінсуда – 111, Ақтоғайда – 102, Алажидеде 77 тұрғын үй су басқан жағ­дайда тұр, олардың 31-і бұзылған. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко өз кезегінде жылы жауындар және темпера­тура­ның көтерілуі барлық  су қойма­ларын­дағы жағдайды апатты күйге түсіруде екендігін айтты. Оның ай­туынша, қазір Шығыс Қазақстан­дағы жағдай да қауіп тудыруда. Кейбір аймақтарда 6 жылдық жауын-шашын нормасы түсуінен өзендердегі су 1 метрден жоғары қатып қалған. Сондықтан жаға­лауды бекітумен, қарды таза­лау, сондай-ақ жолдағы жағдай­ларға байланысты жұмыстар жүр­гізілмек. Премьер-Министр Кәрім Мә­сімов күн жылынуына байланысты жаңа тұрғын үйлер салуды жыл­дам­датуды тапсырды. Әкімдік­тер­мен хабарласып, құрылысшы­лар­дың жеткілікті екендігін, це­мент­тің жетіспей жатқандығын айтты. Сондай-ақ қауіп төндіретін бөгет­терге қарауылдар қойылуын нық­тап тапсырды. Ал Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин су тасқыны шайып кеткен үйлерді қайтадан тұрғызу жұмыстарын жазғы уақыт ішінде толық бітіруге уәде берді. Үкімет отырысы соңында Ұлт­тық қор қаржысын қалыптастыру және оны пайдалану тұжырым­да­ма­сы мен Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы талқыланды. Бұл туралы Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айт­жанова мен  Білім және ғылым ми­нистрі Жансейіт Түймебаев та­ныстырды. Еліміздің Еуропа жоға­ры білім кеңістігіне 46 елдің бір ауыздан келісімімен 47-ші ел бо­лып енгендігін атап айтқан Ж.Түй­мебаев ендігі жерде ел мамандары Еуропада да мойындалатынын жет­кізді. Венера ТҮГЕЛБАЙ.